424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EURO 2020: Англия құрамасы Хорватияны жеңді

  • 195
  • UPD: 21:09, 13.06.2021
EURO 2020: Англия құрамасы Хорватияны жеңді

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын болды. Бірақ Фил Фоден тепкен доп қақпа бағанасына тиді.

Бұл бірінші таймдағы ең қауіпті шабуыл болып, командалар үзіліске дейін есеп аша алмады.

Алаң иелері ойынның 57-минутында алға шықты - Калвин Филлипстің пасынан кейін Рахим Стерлинг көзге түсті.

Артынша екі команда да есепті өзгертуге тырысқанымен таблодағы көрсеткіш өзгермеді. 1:0 - Англия құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады.

Англия мен Хорватиядан бөлек D тобында Чехия мен Шотландия бар. Ертең Шотландия мен Чехия күш сынасады.

Ал Англия құрамасы енді келесі матчін 18 маусымда Шотландияға қарсы өткізеді. Бұл күні Хорватия мен Чехия да кездеседі.

Tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы