«Қайрат-Жастар» командасының футболшысы матч кезінде есінен танып қалды

Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта «Қайрат-Жастар» командасының қорғаушысы есінен танып қалды. 

Кездесудің 20-минутында Лев Кургин алаң ортасында есінен танды. Дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті. 

Әзірге футболшының жағдайы туралы және не себепті талғаны жайлы ақпарат жоқ.

prosports.kz