424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисші әлемнің үздік 40 ойыншысы қатарына енді

  • 157
  • UPD: 14:44, 14.06.2021
Қазақстандық теннисші әлемнің үздік 40 ойыншысы қатарына енді olympic.kz

Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Голубев осылайша бірден 43 сатыға көтерілді және бұл оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейін оның үздік нәтижесі 2015 жылы наурызда тіркелген. Ол кезде қазақстандық спортшы 65-орында болатын.

Айта кетейік, өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің ақтық сынына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы