Бадминтон: Панарин мен Смағұлова Литвадағы турнирде күміс иеленді

Бадминтон: Панарин мен Смағұлова Литвадағы турнирде күміс иеленді
Prosports.kz

Литваның Каунас қаласында бадминтоннан «RSL Lithuanian International 2021» халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандықтар Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова аралас жұптық сында күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

12 маусым күні өткен жекелей сында Панарин де, Смағұлова да алысқа барған жоқ. Екеуі де 1/8 айналымда франциялық спортшылардан ұтылған.  Аралас жұптық сында Панарин мен Смағұлова Литва, Латвия, Франция командаларын жеңіп, финалда даниялы Вестергаард/Лобер жұбынан екі партия қорытындысы бойынша жеңілді. Есеп – 21:12, 21:16. 

«Жарыс қорытындысы бойынша Панарин мен Смағұлованың нәтижесі көңілден шықты. Жекелей сында екеуі де алғашқы 16 спортшының қатарына кірді. Ал жұптық сындағы жетістіктері тек қуантады. Қарымды, мықты қарсыластарды жеңіп шықты. Осы турнирден соң көптеген қателіктермен жұмыс істейміз», - дейді бас бапкер Асқар Орманов.