Таеквондошы егіз қыз финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Таеквондошы егіз қыз финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Маңғыстаулық егіз спортшы Қызылорда облысында өткен таэквондо турнирінің финалына шыққан.

Бірақ ағайынды бұрымдылар күш сынасудан бас тартып, жеңімпазды басқа әдіспен анықтаған. 24 келіге дейінгі салмақта Ая мен Сая Кенжеғали өзара ерекше ойын өткізіп, Ая жеңіске жетті. Жалпы Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған республикалық турнирге 800-ден астам спортшы қатысқан.