«Ертіс» футбол клубының директоры сотталды

Қаржылық қиындықтар себебінен 2020 жылы жабылған «Ертіс» футбол клубының директоры сотталды, деп жазады Prosports.kz.

«Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ERTIS» футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салықтарды төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

Тергеу барысында 2019 жылы «ERTIS» футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 млн астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірді.  

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды», - делінген хабарламада.