424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар Қазақстан Токио ойындарында бір ғана алтын еншілейді деп болжады

  • 463
  • UPD: 11:54, 06.07.2021
Сарапшылар Қазақстан Токио ойындарында бір ғана алтын еншілейді деп болжады

Қазақстан Токио ойындарында бір ғана алтын еншілейді деп болжады сарапшылар.

Спорттық іс-шараларды талдаумен және болжамдармен айналысатын белгілі Gracenote компаниясының сәуір айындағы есебі бойынша, Қазақстан Токиода 16 медаль еншілейді, оның біреуі ғана алтын. Бірақ дәл қай спорт түрінен жеңіс құрметіне әнұранымыз шырқалары белгісіз.

2016 жылы Риода қазақстандық спортшылар үш алтын, бес күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алды, бұл Қазақстанның Олимпиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.

Еске сала кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілдеде өтеді.

 

Хабар 24 телеарнасы