424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

  • 156
  • UPD: 20:44, 07.07.2021
Қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Тайландта жас қыздар мен ұлдар арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі жастар арасында өткен құрлықтық бәсекедегі қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз. 

Жастар арасындағы бәсекеге Қазақстан атынан төрт жұп қатысты. Әйелдер арасында Лаура Кабулбекова және Надежда Иванченко, Айсұлу Мұхтарқызы және Әсемай Сабанбаева, ал ерлер арасында Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов, Александр Кетиладзе және Александр Исмаилов жұбы бақ сынады. 

Жағажай ойыншыларының тандемі Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов халықаралық деңгейдегі жарыста көзге түсті.

3 орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық жұп тайландық спортшыларды техникалық жеңіспен қола жүлдегер атанды.

Хабар 24 телеарнасы