Қазақстандық теннисші Францияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Францияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексвилл қаласында өткен Grand Est Open 88 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық-норвегиялық жұп финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманды жеңді.

1 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:0, 1:6, 10:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.