Токиодағы олимпиада ауылында 2 спортшыдан коронавирус анықталды

Токиодағы олимпиада ауылында 2 спортшыдан коронавирус анықталды

Токиодағы олимпиада ауылында спортшылардан коронавирус анықталды. 

Шараны ұйымдастырушы комитеттің мәлімдеуінше, дертті екі шетелдік спортшы жұқтырған. Бірақ олардың аты-жөні жарияланбай отыр.

Бұдан бөлек, Олимпиада ауылында тұрмайтын тағы бір атлет, бір тілші, бір жұмысшы және жарыс өткізумен айналысатын 5 қызметкер індетке шалдыққан. Олардың бәрі шетелдіктер екені айтылады.

Кеше жергілікті билік олимпиада ауылында алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеген еді.