Токио-2020: Зәкір Сафиуллин алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Токио-2020: Зәкір Сафиуллин алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

63 келі салмақта сынға түскен Сафиуллин алғашқы айналымда Перу өкілі Леодан Пезо Сабояны ұтты. Төрешілердің барлығы жеңісті бірауыздан Зәкірге берді.

Есеп - 5:0.

Осылайша, Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының 1/8 айналымына жолдама алды.