Дайындық кезінде қиындықтар кездесті – Владислав Яковлев

Дайындық кезінде қиындықтар кездесті – Владислав Яковлев
Фото: Владислав Яковлев, Қазақстан ҰОК

Академиялық есуден Токио Олимпиадасына қатысқан жалғыз қазақстандық спортшы Владислав Яковлев жазғы ойындарды 19-шы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұдан да жақсы нәтижеден үмітті болғанын жасырмады. 

«Әрине, дайындық кезінде аздаған қиындықтар кездесті. Әсіресе, алты ай қыста судан алыстап қалатынымыздың әсері тиді деп ойлаймын. Түрлі ауыртпалықтарға қарамастан, Олимпиадаға қатысқанымыздың өзі үлкен жеңіс.

Иә, бұдан да жақсы нәтиже көрсеткім келгенін мойындаймын. Енді аздаған демалыс алып, келесі жылы өтетін Азия ойындарына дайындаламын», – дейді Яковлев.