Токио-2020: Елена Потапенко семсерлесуден кейін сегізінші орынға тұрақтады

Токио-2020: Елена Потапенко семсерлесуден кейін сегізінші орынға тұрақтады
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында қазіргі бессайыс бәсекесі басталды. Бүгін қатысушылар семсерлесуден сынға түсті деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Іріктеу қорытындысы бойынша Потапенко 36 спортшының ішінен 8-ші сатыға тұрақтады. Ол 20 кездесуде жеңіске жетіп, 15 кездесуде ұтылды. Сондай-ақ, екі кездеуді тең аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Елена 220 ұпай жинады.

Ертең, 6 тамыз күні бессайысшылар жүзуден, ат спортынан және тағы да семсерлесуден бақ сынайды.