Бір жеңіс, бір жеңіліс: Мөлдір Жаңбырбай каратэшілер додасын жалғастыруда

Бүгін каратэден Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатыр. Бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетуде деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов жартылай финалға өткен болатын. 

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде египеттік Радва Сайедті ұтты, есеп – 7:2. 

Ал екінші кездесуінде австриялық Беттина Планктен 3:4 есебімен ұтылып қалды. 

Еске сала кетейік, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген спортшылар жартылай финалға өтеді.