Каратэші Данияр Юлдашев Олимпиададағы алғашқы кездесуінде тең түсті

Каратэші Данияр Юлдашев Олимпиададағы алғашқы кездесуінде тең түсті
фото: sports.kz

Токио Олимпиадасында каратэден соңғы жарыс күні өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев.

Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.

Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германия Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі.

Келесі кездесуін Юлдашев жапониялық каратэшіге қарсы өткізеді.