Анастасия Лаврова үстел теннисінен германиялық клубпен келісімшартқа отырды

Анастасия Лаврова үстел теннисінен германиялық клубпен келісімшартқа отырды

Қазақстандық спортшы Анастасия Лаврова үстел теннисінен германиялық клубқа мүше болады, деп хабарлады Olympic.kz.

Спортшы Германияның Йена қаласында жергілікті Schott Jena клубымен бір жылға келісімшартқа отырды. 

Айта кетерлігі, Анастасия Лаврова ұлттық құрама сапында Токио Олимпиадасына қатысты. Үстел теннисі бойынша өткен бәсекеде ол алғашқы айналымда қарсыласына жол берді.