Давид Лория: Қызметімнен босағанымды ақпарат құралдарынан білдім

Давид Лория: Қызметімнен босағанымды ақпарат құралдарынан білдім
фото: vesti.kz

«Астананың» бас директоры қызметінен қуылды.

Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. Артынша дәл осы лауазымда болған Давид Лорияның өзі бұл жайтты ақпарат көздерінен білгенін айтады. Оған ресми түрде ешкім хабарламаған. Елордалық клуб басшылығына келгеніне көп бола қоймаған Лория біраз мәселені реттеп, алдағы уақытқа нақты жоспар дайындағанын алға тартады. Мәселен, биыл ел чемпионы атануға барлық мүмкіндік бар. Бұған қоса, Қазақстан кубогының ширек финалына дайындықты бастадық дейді. Еңбегімнің нақты бағасын жанкүйерлер береді деп сөзін түйіндеді ол. Кейін елордалық клуб бұл қызметке Тастанбек Есентаев тағайындалғанын хабарлады.

Давид Лория, «Астана» командасының бұрынғы бас директоры:

- Бас директор қызметіне 2 ай бұрын келдім. Елордалық клубта қаржыға қатысты мәселелер болды. Бірз оны маусымның басынан білеміз. Соған қарамастан қарызымызды жауып, басқа да түйіткілдері реттедік. Қызметімнен босағанымды ақпарат құралдарынан білдім. Егер расымен де сондай шешім болса, көнеміз. Қолдау танытқан жанкүйерлер мен жанашырларға алғыс айтамын.