Дзюдошы Жанбота Аманжол Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін күреседі

Дзюдошы Жанбота Аманжол Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін күреседі
Prosports.kz

Қазақстандық дзюдошы Жанбота Аманжол 2020 жылы Токиодағы Паралимпиадалық ойындардың қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуде Аманжол өзбекстандық Шухрат Бобоевтен мықты болды. Жекпе-жек 10:0 есебімен аяқталды.

Үшінші орын үшін қазақстандық франциялық Гелиос Латчуманамен кездеседі.

Жапония астанасындағы татамидегі соңғы сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 13:30-да басталады.