Асылхан Тұрар велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігінің жеңімпазы атанды

Асылхан Тұрар велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігінің жеңімпазы атанды

Өскеменде шосседегі велоспорттан «Абай жолы» көпкүндігі өз мәресіне жетті. Республикалық додада Асылхан Тұрар топ жарды, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордалық спортшы 2 және 4 кезеңнде үздік танылған болатын. Соның нәтижесінде, соңғы кезеңге дейін көшбасшылықты сақтап, жарыс жеңімпазы атанды.
Екінші орынға шымкенттік Даниил Марухин, ал елордалық Григорий Штейна үздік үштікті қорытындылады.