423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚХЛ: «Барыс» хоккейшілері «Спартакпен» кездеседі

  • 142
  • UPD: 12:49, 11.09.2021
ҚХЛ: «Барыс» хоккейшілері «Спартакпен» кездеседі

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 24 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-сы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы төрт кездесудің үшеуінде қарсыласынан басым түсті.

Еске салсақ, аталған сайыстың биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді. Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі 1 қыркүйекте басталды. Ол 2022 жылдың 1 наурызында мәресіне жетеді. Одан кейін турнирдің плей-офф сатысы басталады.

Хабар 24 телеарнасы