«Қайрат» Қазақстан кубогін жеңіп алды

«Қайрат» Қазақстан кубогін жеңіп алды

17 қазанда Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогінің финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кубок иегері атағына «Қайрат» АФК мен «Атырау» таласты.

Тартысты ойында «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті. Матч 4:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан кубогы.

«Қайрат» - «Атырау» 4:3

«Қайраттың» голдары: Витао, Эдсон, Акбаликов, Ранжел.

«Атырау» голдары: Синезио (3).

Еске салайық, таяуда «Қайрат» «Атыраумен» ойнаған еді. 7 қазанда алматылықтар атыраулықтарды 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленген.