«Тараз» футболшылардың қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

«Тараз» футболшылардың қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

«Тараз» футболшылар алдындағы қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Хабар 24 клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараз» футбол клубы ойыншылар алдындағы қарыз туралы ақпараттарға байланысты мұндай жағдайлар Премьер лигадағы көптеген командаларда да кездесіп отырған жайт екендігін хабарлады. Дегенмен клуб әкімшілігі футболшылар алдындағы міндеттемелерін толық орындауға тиісті шараларды қабылдайды.

Ойыншылардың Талдықорған қаласында болатын кездесуге барғысы келмеуі туралы ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді. Команда толық құрамда сырт алаңдағы кездесуге аттанап, матчтың соңғы минутына дейін барып салып ойнады және жеңіске жетті.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Тараз» футбол клубы қаржылық қиындықтарға тап бо­лды» деген жазбалар тараған болатын.