Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов әлем кубогі кезеңінде бесінші болды

Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов әлем кубогі кезеңінде бесінші болды

Бейжіңде шорт-тректен әлем кубогі кезеңі аясында ерлер арасында 1000 м қашықтық бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша финалда Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты. Қазақстандық спортшы 1000 м қашықтықты бесінші болып кесіп өтті.

Оңтүстік Корея спортшысы Дахен Хван топ жарды. Ал ресейлік Семен Елистратов екінші, канадалық Паскаль Дион үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, Ғалиахметов 1500 м қашықтық бойынша күміс жүлдеге ие болған болатын.