Жібек Құламбаева Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды

Жібек Құламбаева Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ж.Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл Ж.Құламбаеваның өзінің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.

Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.