430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты

  • 95
  • UPD: 18:47, 04.11.2021
Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша, Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді. 

Хабар 24 телеарнасы