Елордада волейболдан BAQ Liga-ның екінші маусымы басталды

Елордада волейболдан BAQ Liga-ның екінші маусымы басталды

БАҚ өкілдері арасындағы жарыс бір айға созылады. Алғашқы маусымда 8 команда бақ сынаса, бұл жолы 12 ұжым өзара кім мықтыны анықтайды.

Лига ойындары сенбі және жексенбі күндері өтеді. Биылғы жарыс ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Осы арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына үлес қоспақ. Жарыстың алғашқы күні «Хабар» командасы Комментаторлар ұжымымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Екі кезеңнен кейін-ақ ойын тағдыры шешілді. BAQ Liga-ның жалпы қорытындысы 18 желтоқсанда белгілі болады.