Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы WBO титулы үшін өткен жекпе-жекте әлемнің экс-чемпионын нокаутқа жіберді.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

27 жастағы қазақстандық WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы француз боксшысы Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) кездесті.

Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Сегізінші раундта отандасымыз әлемнің экс-чемпионын нокаутқа жіберді. Ал үшінші раундта француз боксшысы нокдаун алған болатын. 

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он бір мәрте жеңіске жетіп, WBO Global чемпионы атағын сәтті қорғады.

Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.

Сондай-ақ...