Нұр-Сұлтан Кубогі. Дәл осындай атаумен елордада республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 24 команда жиналды. Жарыс 9 және 10 жасқа дейінгі балалар арасында ұйымдастырылды. Алғашқысында ақтөбеліктердің жолы болды. Олар финалда жергілікті «Астана» футбол орталығының командасымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Ал 10 жасқа дейінгілер арасында қарағандылық «Шахтердің» шәкірттері топ жарды. Айта кету керек, спорт жанашырлары осындай форматтағы жарысты тұрақты ұйымдастырып тұрады. Марат Досов, қостанайлық команданың бапкері: - Бұл жерге футбол орталықтарының командалары мен жеке командалар шақырылған. Сонысымен қызықты әрі тартысты. Әрине орталықтардың шәкірттері үздік саналады. Бірақ соңғы жылдары елордадағы «Айбын» және «Намыс» сияқты командалар көштен қалыспай, тіпті жүлдегерлер қатарынан көріп жүр. Осындай форматтағы жарыстардың көбірек өткенін қалаймыз.