Қысқы спорт маусымының ашылуы ел бойынша жарыстардың басталуына жол ашты

Елде қысқы спорт маусымы ашылды. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген арнайы шара елордадағы орталық парктен бастау алды.

Бұнда 300-ден аса әуесқой және кәсіпқой шаңғышылар жиналды. Арнайы шараны «Хабар24» арнасы тікелей эфирде көрсетіп, сәйкесінше дәл осы мезетте еліміздің барлық өңірінде спорттық мереке мен ресми жарыстар басталды. Мәселен, елордада шаңғы жарысынан балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы бәсекелер болды.

Айта кету керек, бұндай форматтағы шара республикалық деңгейде алғаш өтіп тұр. Ұйымдастырушылар оны алдағы жылдары да қайталап, тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі: