Қазақ күресінен Елбасы жүлдесі сарапқа салынды

Бүгін қазақ күресінен жекпе жек өтті. Палуандар белдесіп, Тұңғыш Президент жүлдесіне лайық үздіктер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сегіз салмақ дәрежесінде 64 балуан боз кілемде белдесті. Таң атқалы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ұзын саны 32 жекпе-жек ұйымдастырылды. Кіл мықтылардың арасынан үздігін анықтауға 8 сағаттан астам уақыт жұмсалды. Сарапқа салынған жүлде қоры да қомақты. Әр салмақта жеті қарсыласын ұтқан балуанға 10 мың доллардан бұйырды. Жарыстың тартысты өтетіні алғашқы айналымда-ақ белгілі болды. Қазақ күресінен әлем чемпионы, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Ерсұлтан Мұзаппаров бірінші айналымнан кейін жас балуандарға қатысты пікір білдірді

Ерсұлтан Мұзаппаров, жарысқа қатысушы:

Жақсы қазір, артымыздан өсіп келе жатқан  жастар. Енді конкуренция бар жерде жақсы нәтиже болады. Тартыс болады. Ол жақсы ғой.