Өскемен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Өскемен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды
inform.kz

Алматыда өткен додаға 17 елдің спортшылары қатысқан.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ерзат Сакабанов 57 келі салмақта өнер көрсетті, ол жақында ғана Азия чемпионы атанған еді. Спортшы Өскемендегі №9 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. «Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыларстар мықты болды. Алайда басымдық Ерзат Сабакаоныта болды» деп жазды ТЖД хабарламада.

Айта кетейік, жекпе-жек – грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэнің арасынан шыққан дара спорт түрі.