Чемпиондар лигасы: плей-офф кезеңіне қатысушылар толық анықталды

Чемпиондар лигасы: плей-офф кезеңіне қатысушылар толық анықталды
Prsport

9 желтоқсанда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы турындағы «Аталанта» мен «Вильярреал» (2:3) ойыны өтті, деп жазады Prosports.kz.

Осы кездесуден кейін Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алған 16 қатысушысы толық анықталды.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалар: «Манчестер Сити», «Пари Сен-Жермен», «Ливерпуль», «Атлетико», «Аякс», «Спортинг», «Реал», «Интер», «Бавария», «Бенфика», «Манчестер Юнайтед», «Лилль», «Зальцбург», «Ювентус», «Челси», «Вильярреал».

1/8 финалдың жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.