Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.