Алуа Балқыбекова бокстан Қазақстан чемпионы атанды

Алуа Балқыбекова бокстан Қазақстан чемпионы атанды
Olympic.kz

Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Алуа Балқыбекова топ жарды. Әнел Құдайберген күміспен күптелсе, Ақбота Болат пен Гасимова Роксана қола жүлдені өзара бөлісті.