Күрес түрлерінен Қазақстан чемпиондары анықталды

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпиондары анықталды

Ел чемпиондары белгілі. Елордада күрес түрлерінен ересектер арасындағы ішкі біріншілік аяқталды. Жарыстың соңғы күндері боз кілемге грек-рим күресінің өкілдері шықты. Нәтижесінде жеңіл салмақта солтүстік қазақстандық Аманғали Бекболатов, орта салмақтарда Ернұр Фидахметов, Мейіржан Шермаханбет және Мейрамбек Айнағұловтар топ жарды.

72 келіде Абылайхан Амзеев, ал 77 келіде Мақсат Ережепов қарсылас шақ келтірмеді. Ауыр салмақтарда шығыс қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов және Алматы облысының өкілдері Санжар Серікқан мен Диас Қален жеңімпаз атанды. Ал аса ауыр салмақта шымкенттік Әлімхан Сыздықов чемпион болды. Бір аптаға созылған жарыс нәтижесінде күрестің үш түрінен ұлттық құрама жасақталды. Енді олар дайындықты тағы бір пысықтап, алдағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Алмат Кебіспаев, грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі

Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен ашық турнир өтті

Байқоңыр барысы. Дәл осындай атаумен елордада қазақ күресінен ашық турнир өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 24 палуан жиналды. Олардың арасында Әлем және Еуразия барыстары, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Жарыс нәтижесінде жергілікті Айбат Сейтен топ жарды. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып шықты. Күміс жүлде Павлодар облысынан келген Мұхтар Дәлелханұлына бұйырса, үздік үштікті Жамбыл облысының өкілі Айтбек Айбол түйіндеді. Айта кетейік, бұл бәсеке Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданындағы су жаңа спорттық кешенде өтті. Алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастырып, ауқымы мен қатысушыларын кеңейту жоспарланып отыр.

Азамат Имашев, №7 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы

Олимпиада алдындағы жарыстар жанданды

Бейжің олимпиадасына 2 айға жетер-жетпес уақыт қалды. Қазір жерлестеріміз құрлықтық және әлемдік аламандарға қатысып, рейтингілік ұпай жинап жатыр. Соған сәйкес, лицензиялар үйлестіріледі. Мәселен, конькимен жүгіру шеберлері Канададағы әлем кубогінде бағын сынауда. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы мың метрдік бәсеке өтті. «А» тобында өнер көрсеткен қазақстандық Екатерина Аидова жалпы есепте 9-сатыға тұрақтады. Ал «В» тобында жүгірген Надежда Морозова 4-орында. Жігіттер де үздіктер қатарынан көрінбеді. Оған параллель Швецияда фристайл-могулдан әлем кубогі болып жатыр. Әйелдер арасында жерлесіміз  Юлия Галышева финалға шықты. Ал шаңғымен тұғырдан секіру шебері жерлесіміз Сергей Ткаченко Германиядағы әлем кубогінде 49-нәтижені көрсетті.