Данияр Елеусінов чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Данияр Елеусінов чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп жазады Vesti.kz

12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған айқаста жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі сарапқа салынады. 

Елеусінов пен Леао арасындағы кездесуі шоудың басты айқасы болады. Бұл бокс кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Салмақ өлшеу сәттінде қазақстандық боксшы 66, келіні көрсетсе, аргентиналық 66,5 келі болды. 

Еске салайық, әу баста Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон (34-7, 25 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жарақат алып қалды.