Бейжің 2022: шорт-трек және коньки жарыстарында іріктеу сындары аяқталды

Бейжің 2022: шорт-трек және коньки жарыстарында іріктеу сындары аяқталды

 

Қожында 46 жолдама. Бейжің олимпиадасының басталуына екі айға жетер-жетпес аралық қалды.

Қазірдің өзінде шорт-трек және коньки жарыстарында іріктеу сындары аяқталып, олимпиадалық квоталар таратылды. Мәселен, Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер 8 лицензия иемденді. Оның саны тағы біреуге артуы мүмкін. Микст-эстафетаға қатысушылар алдағы күндері белгілі болады. Ал конькишілеріміз бұл жолы 13 квота алды. Халықаралық федерация үміткерлердің нақты тізімін 24-ші желтоқсанда жариялайды. Ал шаңғы жарысында әзірге 6 квота ғана бар. Іріктеу сындары жалғасып жатыр. Фристаил-могулдан 5, ал фристайлдың акробатика түрінен 3 жерлесіміз олимпиадаға аттанады. Шыңғымен секіру және шаңғы қоссайыстарында 2, ал биатлонда 5 квотадан бар. Бірақ бұл нақты тізім емес. Бұл спорт түрлері бойынша соңғы шешім 17-қаңтарда шығады. Ал Бейжіңдегі ойындар ақпанның 4-інде басталады.

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Арлан топ басына жайғасты. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні көкшетаулық «Арлан» павлодарлық «Ертіспен» жолықты. Көкшетау қаласында өткен матч 9:0 есебмен аяқталды. Алаң иелері ойын басынан басымдық танытып, қарсыласқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде, «Арлан» турнир тізіміндегі бірінші орнын сақтап қалды. Ал, павлодарлық клуб, керісінше, ең төменгі сатыда. Тағы бір тарысты мачтардың бірі Ақтөбеде өтті. Жергілікті клуб қарағандылық «Сарыарқаны» қабылдады. Қонақтар 6 шайба соқты. Әсіресе, Михаил Рахманов хет-трик авторы атанды. Ал, «Ақтөбе» ойыншылары 1 рет қана мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 6:1. Жеңіске жеткен «Сарыарқа» қазір тізімде екінші келеді және «Арлан» екеуінің арасын 3 ұпай ғана бөліп тұр.