Футболшы матч кезінде көз жұмды

Футболшы матч кезінде көз жұмды
Eurosport

Алжирдің «Саида» клубының футболшысы Софьян Лукар ел чемпионатының екінші дивизионының матчінде инфаркттан қайтыс болды. Бұл туралы Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясының (FIFPRO) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Саида» мен «Оран» ойнында 28 жастағы футболшы өз командасының қақпашысымен соқтығысып қалды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Лука алаңға оралды, бірақ он минуттан кейін инфаркт алып, құлаған.

Лукарды жедел жәрдем шұғыл алып кеткенімен, ауруханаға барар жолда ол қайтыс болған.