434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АПЛ-дың тағы екі матчы кейінге шегерілді

  • 94
  • UPD: 15:39, 27.12.2021
АПЛ-дың тағы екі матчы кейінге шегерілді

Англия премьер-лигасының тағы 2 матчы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Хабар 24. Бұған коронавирус, сондай-ақ футболшылардың жарақат алуы себеп болған. Осылайша «Вулвер-хэмптон Уон-дерерс» клубының қатары сиреп, лондондық «Арсеналға» қарсы ойнай алмай қалды.

Ал «Лидс Юнай-тед» командасында вирустың таралуы «Астон Вилламен» кездесуді болдырмай тастады.  Жалпы осы айда АПЛ «Ковид-19» салдарынан 15 ойынын жоспарлы уақытта өткізе алмады. Лига басшылығы чемпионатты үзбей жалғастыра бермекпіз деп мәлімдеген еді. Бірақ айтпай келетін ауру ойын кестесіне кедергі келтіруде.

Хабар 24 телеарнасы