«Тоқылған гүл, жиналмалы тұғыр». Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар марапаттау рәсіміне қатысты элементтерді жариялады

«Тоқылған гүл, жиналмалы тұғыр». Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар марапаттау рәсіміне қатысты элементтерді жариялады

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар қысқы ойындарға арналған костюмдерді, жеңіс тұғырын және марапаттау рәсіміне қатысты өзге де элементтерді жария етті. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады деп жазады Olympic.kz.

Жеңіс тұғыры

Бейжің Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған тұғыр экологиялық таза және өңделген материалдардан жасалған. Аспан көк түс 2022 жылғы қысқы ойынның негізгі түсі саналады. Сондай-ақ, қар мен мұз да үйлесім тапқан. 

Тұғырдың үсті спортшылар тайып кетпеуі үшін арнайы материалмен жабылған. Тұғырды тез жинап, тез жаюға болады. Хоккейшілерге арналған тұғыр үлкейеді. 

Марапаттау рәсіміне арналған киім

Марапаттау рәсіміне арналған костюмдердің үш түрі бар: «Бақытты қар мен бұлт», «Ұлы пейзаж» және «Таң династиясындағы қар ұшқыны». Әрбір киім жиынтығына күртеше, бас киім мен қолғап, аяқ киім және өздігінен қыздыратын термокиім енеді. «Бақытты қар мен бұлт» дизайнындағы киіммен қар үстінде өтетін жарыстардың жеңімпаздарын марапаттайды. 

«Ұлы пейзаж» костюмі  мұзда өтетін жарыстарға, ал «Таң династиясындағы қар ұшқыны» дизайны марапаттау алаңында қолданылады. 

Бойтұмар

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған бойтұмарлар да эксклюзивті түрда дайындалды. Олар негізгі бойтұмарлар  - Бинг Двен Двен мен Шуи Рон Рон үлгісінде жасалған. Бойтұмарларды қарағайдан дайындалған гүлдесте, бамбук пен қара өрік әрлендіре түсті. Бұл материалдар табандылық пен жаңа өмірлік күшті, сыйластықты білдіреді. 

Гүл

Бейжің-2022 концепциясына сәйкес, Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне табысталатын гүл экологиялық режимде дайындалады. Олимпиада жүлдегерлеріне тоқылған гүл беріледі. Кашемир гүл шоқтары нағыз букеттің кейпін сақтаған. Гүл шоғына гүлдің алты түрі – раушан, қытай раушаны, ландыш, гортензия, лавр және зәйтүн ағашы енді. 

Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.