Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасы әлем кубогіне қатысады

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасы әлем кубогіне қатысады

Фристайл-акробатикдан Қазақстан командасы Канадада өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Кубоктік кезең 5 қаңтарға жоспарланған. Айта кетелік, аталған сын 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирлерінің қатарына енеді.

Канададағы бәсекеде Қазақстан командасы да бақ сынайды. Ел үздіктерінің санатында Жанбота Алдабергенова да бар.

Қазіргі таңда Қазақстан командасы Канадаға жетіп, соңғы дайындықты өткізуде.