Құрлықтық лига ойындары тоқтатылды

Құрлықтық лига ойындары тоқтатылды

Хоккейшілер арасында короновирустың таралуына байланысты алдағы бір апта барлық матч өтпейді.

Оның ішінде «Барыс» қатысатын кездесулер де бар. Мәселен, елордалық клуб 15-ші қаңтарда «Салават Юлаевпен», ал 17 және 19 қаңтарда сәйкесінше Ақбарс және Авангардпен жолығуы керек еді. Бәрі кейінге шегерілді. Бұл жағдайға короновирус жұқтырғандар санының күрт көбеюі түрткі болды. Соңғы тәулікте лигадағы 60 адам індет әлмегіне іліккен. Ал ауырып жатқандардың жалпы саны 171-ге жетті.

Айта кетейік, Юрий Михаилис баптайтын жігіттер ең соңғы рет сырт алаңда "Металлургпен" жолығып, қосымша уақытта 4:3 есебімен басым түсті.