Бейжің-2022: Олимпиаданы 150 мың көрермен тамашалайды

Бейжің-2022: Олимпиаданы 150 мың көрермен тамашалайды
OLYMPIC.kz

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық көрермен тамашалай алады.

Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24».

Қаңтар айында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төртжылдықтың бас додасына билеттер сатылымнан алынған болатын. Кейіннен билеттер белгілі бір топтарға ғана берілетіні айтылды.

«Бұл көрермендер қатарына Қытайдың құрлықтық бөлігінде өмір сүретін шетелдіктер, дипломатиялық миссия мүшелері мен маркетинг жөніндегі серіктестер, жергілікті тұрғындар мен бастауы және орта мектеп оқушылары кіреді», – деді Ян Шуань Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында сөйлеген сөзінде.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.