Бейжіңдегі Олимпиадада 19 мың волонтер жұмыс істейді

Бейжіңдегі Олимпиадада 19 мың волонтер жұмыс істейді
Olympic.kz

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есебі 19 мың волонтер жұмыс істейді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл туралы бейсенбіде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда қысқы Олимпиада ойындарында 19 мың волонтер қатысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар», - деді ол. 

Айта кетелік, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.