Бейжің 2022: фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі

Бейжің 2022: фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі
Olympic.kz

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. 

Қазақстан командасы төмендегідей нәтиже көрсетті: 

- Олеся Граур (57.18 ұпай) - 23-орын. 

- Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) - 16-орын.

- Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ).

Осылайша, қазақстандық спортшылар іріктеудің екінші айналымында сынға түседі. Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған.