Е.Левкин: Жастарға қаржы бөліп, қолдамаса, чемпион қайдан шықсын?

Е.Левкин: Жастарға қаржы бөліп, қолдамаса, чемпион қайдан шықсын?

Бүгін ерлер арасындағы трамплиннен секіру бойынша жарыстың негізгі раунды аяқталды. Ткаченко мен Васильев финалға өтпеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан атынан екі спортшы – Сергей Ткаченко мен Данил Васильев өнер көрсеткен еді. Ткаченко сайыс нәтижесінде 110,3 ұпайға ие болып, турнир кестесінде 41 орынға тұрақтады. Васильев 101 ұпайымен 46 орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, бұл нәтиже қос спортшының ақтық сынға өтеуіне жетпеді.

Евгений Лёвкин, қысқы Азия ойындарының чемпионы:

– Трамплиннен секіруде бәсеке өте мықты. Сондықтан жүлдеден  дәмелену әбестік болар. Бұл ретте біз қиын жағдайға қалып отырмыз, өйткені қолдау аз. Мысалы, Даняны алайықшы. Жап-жас спортшы. Иә, әуел баста секіруден өнер көрсететін спортшылардың алғашқы толқынына қолдау көрсетілген еді. Қазір олай емес. Жастарға қаржы құйып, қолдамаса, чемпион қайдан шықсын?