Бейжіңдегі жарыста конькишілеріміздің жолы болмай тұр

Бейжіңдегі жарыста конькишілеріміздің жолы болмай тұр

Жерлестеріміз Надежда Морозова мен Екатерина Айдова 1500 метрлікте жүлдеге таласып көрген еді. Бірақ есе жіберіп қойды. Тіпті алғашқы ондыққа да енбеді.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

- Бейжің Олимпиадасының кезекті жарыс күні ат басын конькишілерге бұрдық. Қыздар 1500 метрлікте жүлделі орындарды сарапқа салған болатын. Бұл қашықтық жерлесіміз Морозованың оң жамбасына келетін болғандықтан Надеждадан үміт күттік. Алайда 3 мың метрлік жарыстан кейін өзіне сенімді болған Морозова мықтыларды айналып өте алмады. Шамасы қатты уайымдаса керек, үздік ондыққа да кіре алған жоқ. 

Надежда Морозова, ұлттық құрама мүшесі:

- Тым жылдам жүгіріп өтемін деп ойлаған едім. Бірақ қолымнан келмеді. Шаршап қалдым. Шамасы қатты қобалжыған болуым керек.

Бүгінгі сайыста ел намысын Екатерина Айдова да қорғаған. Ашылу рәсімінде Абзалмен бірге көк туымызды көтеріп шыққан жерлесіміз намысқа тырысты. Өткен жылдың желтоқсан айында Калгаридегі әлем кубогында мың жарым метрде  Аидова 1 минут 54 секунд көрсеткен. Бірақ Бейжіңде ең үздік нәтижесін қайталай алған жоқ. Жарыс қортындысы бойынша 18-сатыға табан тіреді.

Екатерина Айдова, ұлттық құрама мүшесі:

- Мұздың сапасы нашарлау болған сияқты. Жақсы бастағам, бірақ соңына қарай енігіп қалдым.

Дәл осы күні қазақ жанкүйерлері тағы бір конькиші қыз үшін тақым қысты. Қытайдың шыңжаң аймағында туып өскен қандасымыз Ақнәр Адаққызы қытай туы астында сынға түскен еді. Нәтижесіде жаман емес. Өзінің жеке рекордын тіркеді. Шалғайда тусада жүрегі қазақ деп соққан қарындасымыз қытайлардың қарсылығына қарамастан бізге сұхбат беруге уақыт бөлді.

Ақнәр Адаққызы, Қытай құрамасының мүшесі:

- Кім топ жарды дегенге келсек, бас жүлде тағыда Голландияға кетті. 3 мың метрде алдына жан салмаған қызғалдақты елдің бой жеткендері бұл жолыда аузымен құс тістеп келді. Аты аңызға айналған Ирин Вюст 6 дүркін олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, олимпиада рекортын жаңартты. Жапон қызы Михо Такаги күмістен алқа тақса, біздің Морозовамен бірге жүгірген тағы бір голландиялық де Йонг қола жүлдегер атанды. Енді 1000 және 500 метрде Айдоваға сенім артамыз.

Жандос Айтбайұлы, Дәурен Жұрхабаев