Ақмола облысында хоккейді дамытуға қомақты қаржы бөлінбек

Ақмола облысында хоккейді дамытуға қомақты қаржы бөлінбек

Ақмола облысында хоккейшілердің дайындығына 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу қарастырылып отыр.

 Мұндай қомақты соманы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында жариялады. Порталда бұл қаражат ерлер хоккей клубын толық қаржыландыруға және құраманың елдегі кәсіби жарыстарға қатысуына кететін шығындар үшін жұмсалады деп көрсетілген. Арнамызға осы жайлы түсініктеме берген басқарма басшысы бұл 3 жылға жоспарланған бюджет екендігін айтты. Сондай-ақ 2 млрд 885 млн 603 мың теңге бұл спорт түрі үшін көп емес деді ол.