9 ақпан күні Бейжіңде спортшыларымыз сайыстың үш түрінен жарысады

9 ақпан күні Бейжіңде спортшыларымыз сайыстың үш түрінен жарысады

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделерін сарапқа салатын бесінші күн. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бүгін үш түрлі сайыста бақ сынайды.

Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат таңғы сегізден он бес минут кеткенде және он бір қырық бесте  әйелдер арасында тау шаңғысы жарысына 2 бірдей  қазақстандық қатысады. Шаңғы қоссайысы бойынша сағат екіде және кешкі бесте Шыңғыс Ракпаров бақ сынамақ. Сондай-ақ 17:00-де 3 спортшымыз шорт-трекке шығады.

Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!