Бейжің олимпиадасы: қазақстандық шаңғышылар нәтижесі белгілі болды

Бейжің олимпиадасы: қазақстандық шаңғышылар нәтижесі белгілі болды
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында классикалық әдіспен 15 км қашықтықта жүру бойынша жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санатта Қазақстан құрамасы сапынан Виталий Пухкало мен Евгений Величко шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-болып жетті. Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.

Айта кетерлігі, жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты.